«Сайрам таланттары – 2024» өнер фестивалі асяында бишілер байқауы бастау алды

Баршаларыңызға белгілі, ауданымызда «Сайрам таланттары – 2024» өнер фестивалі кең қанат жайған. 20 жылдан астам тарихы бар бұл өнер фестивалі қаншама таланттардың жарыққа шығуына септігін тигізуде.
Бүгін, Құрманбек Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде аталған фестиваль аясында би жанры бойынша іріктеу кезеңі басталды.
Мақсат – би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу, өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіру, өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін танып білу, өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау және шығармашылық ынта-жігерін арттырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Сонымен қатар, тамыры тереңге тартқан ұлттық өнеріміз – қазақ биінің мәртебесін көтеру, өнерсүйер дарынды жастарды іріктеу, хореографтарға қолдау көрсету болып табылады.
Қызықты да, тартысты өтетін байқауға ауданымыздағы елді мекендер мен оқу орындарынан би топтары қатысып, өз бақтарын сынауда. Ақтық кезең сенбі күні өтетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *