«Басты бағыттар – инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту»

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша аудан, қалалардың 2024 жылдың І тоқсанындағы рейтингі шығарылды. Осыған орай арнайы жиын өкізіліп, түрлі саладағы индикаторлар есептеліп, қорытындысы баяндалды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды рейтингтің соңында қалған аудан, қала әкімдеріне ескерту жасап, жұмысты үйлестіруді, жандандыруды тапсырды.

– Биылғы І тоқсанда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Көрсеткіштер жақсарған. Бірақ жекелеген аудан, қалаларда бірқатар индикатордың орындалуы төмен деңгейде болды. Өнеркәсіп пен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемінің нақты көлемі индексі Мақтаарал, Шардара, Отырар, Сауран және Сарыағаш аудандарында орындалмаған. Негізгі капиталға тартылған инвестицияның нақты көлем индексі Отырар, Кентау, Мақтаарал мен Жетісайда төмендеу орындалып отыр. Осы секілді бірқатар көрсеткіштер бойынша жоспарларды орындамаған аудан, қалалар бар. Олар негізгі көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдамаған. Рейтингте соңғы 3 орында тұрған аудан, қала әкімдерінің жауапкершілігін қолданыстағы заңнама аясында қарау бойынша ұсыныс енгізілсін. Белгіленген көрсеткіштердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Басты бағыттар – инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Жалпы рейтингте 37 индикатор жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *