Кентау қаласы Ащысай ауылы адам танымастай өзгермек

Жақында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының жергілікті тұрғындармен, қоғам белсенділдерімен кездесіп, ауылды дамыту бойынша ашық әңгіме жүргізді.

Бүгінде ауылда 1 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектеп, 1 Мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 спорт алаңшасы, 1 почта байланыс бөлімшесі бар. Облыс әкімі Мәдениет үйінде болып, жай-күйімен танысты. Жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар ауылға газ тарту, жол салу, туризмді дамыту мәселелерін көтерді. Мәдениет үйін жөндеуден өткізу жөнінде өтініш айтылды. Сонымен бірге балалар лагерін ашу, инфрақұрылымды жақсарту туралы ойлар қозғалды.

Одан кейін «Ащысай» дәрігерлік амбулаториясы мен «Сәуле» балабақшасына барды. Ауылдағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі сараланды.Дархан Сатыбалды «Ащысай» түсті металл комбинатының Ащысай руднигіне қарасты металлургиялық цехының қалдықтар қоймасы мен ауыл шетіндегі өндірістік шахтаға да барып, оның қазіргі жағдайымен танысты.

– Ащысай ауылын дамыту мәселесін жан-жақты қарастырамыз. Егер жұмыс орындары болмаса, тұрғындар көшін шектей алмаймыз. Сондықтан бірінші кезекте жұмыс орындарын, кәсіпорындар ашу мәселесін шешуге күш саламыз. Жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлердің бастамаларын қолдаймыз. Тау-кен орындарын барлап, зерделеу жүргізу керек. Жауапты басқармалар өздеріңізде бар мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар арқылы қолдау көрсетіңіздер. Екіншіден, туризмді дамытуға инвестиция тарту жолын қарастырайық. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Кентау қаласының әкімі мен басқарма басшыларына Ащысай ауылын дамыту бойынша жоспар әзірлеуді тапсырамын. Осы аймақтан түлеп ұшқан азаматтар да туған жерді түлетуге үлес қосады деп ойлаймын, – деді Дархан Сатыбалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *