Қазығұртта отын жағын күл шығаратын ауылдар азайып келеді

Жақында Қазығұрт ауданында тағы бір автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылды. Нәтижесінде 9 елді мекеннің тұрғындары табиғи газбен қамтылмақ. Құрылысы 2017 жылы басталып, аяқсыз қалған нысан облыс әкімінің тапсырмасымен қайта қолға алынып, барлық жұмысы аяқталды. Оған республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келген облыс әкімі Дархан Сатыбалды газ тарату стансасының іске қосу жұмыстарымен танысып, Шанақ ауылдық округі, Ақжар елді мекенінде халықпен жүздесті. Ауылдарды дамыту бойынша ақсақалдармен ақылдасты. 

– Қазығұрт ауданындағы 61 елді мекеннің төртеуі ғана газға қосылмай тұр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Инфрақұрылыммен қамтылу жағынан Қазығұрт ауданы ең дамыған аудандардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, ауылды дамытуға күш салынуда. Бұл жұмыстар жалғаса береді. Әрине, Үкімет тарапынан жасалып жатқан жұмыстар көп. Ауылдарға газ келді. Тұрғындар от жағу машақатынан құтылды. Енді аулаға ағаш отырғызуға, айналаны абаттандыруға көңіл бөлуіміз керек. Біздің қояр талап – осы. Тазалықты көрген жас ұрпақ та соған ұмтылып өседі. Түркістан облыс орталығы болғалы, өңірімізде  халықаралық деңгейдегі шаралар өтеді. Жерді игеруді де үйрену керек. Мал бағуда да заманауи бағытқа көшуге ұмтылу қажет. Халықтың жағдайы жақсара түсуде. Жастардың білім алуға ұмтылысы, жеке кәсіптің дамуы, ішімдіктен бас тартқан ауылдардың көбейгені көңілге қуаныш ұялатады, – деді Дархан Амангелдіұлы.

«Шанақ» автоматты газ тарату стансасы 10-нан астам елді мекенге газ жеткізуге қауқарлы. Ал, қазіргі таңда аталмыш стансаның 6 елді мекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 4 мың тұрғын, яғни 600-ге жуық абонент табиғи газбен қамтамасыз етіліп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *