«Әйелдер қанаты» отбасы құндылықтарын насихаттайды

Бүгінгі таңда демографиялық өсімі жоғары біздің өңірімізде 177 мыңнан астам көпбалалы ана тұрса, солардың 15 мыңнан астамы – «Алтын алқа», 43 мыңнан астамы – «Күміс алқа» иегерлері. Облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің32 пайызында әйел азаматтары жетекшілік етеді. Өңірдегі82 мыңнанастам партия мүшелерінің 66 пайыздан астамын – әйелдер құрайды. Облыстық мәслихаттағы 13 мандатты, біздің қыз-келіншектеріміз иеленген.Көріп отырғанымыздай, әйелдердің қоғамдағы белсенділігімен облысымыздың әлеуметтік саласындағы өзекті мәселелер рет-ретімен шешімін тауып келеді.

Ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін қолдауда партияның «Ауыл аманаты» жобасымен шағын тігін шеберханалары, нан, кондитер өнімдерін шығаратын өндіріс орындары көптеп ашылуда. Бұл бізді қуантарлық жағдай. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында да, өткен жылы облыс көлемінде 14 600 азаматтың қаржылық сауаттылығы арттырылса, соның 67%-ын әйелдер құрады. Бұл жұмыстарда биылғы жылы қарқынды жүзеге асырылуда.

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен өткен жылы аталмыш партия жанынан «Әйелдер қанаты» құрылған болатын. Қолға алынған бұл жоба өз қызметін 10 бағыт бойынша атқаруда. Айта кетейік, жақында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» алғашқы форумын өткізді. «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбын көтерген бәтуалы басқосу «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Қалыйма Жантөрееваның «Қошқаратадағы қыз» эссесінің желісімен түсірілген фильммен ашылды.  Фильм режиссері – Асхат Тұржанов, сценарийін жазғандар – Арман Әлиев және Қалыйма Жантөреева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *