Келес ауданындағы Құйған, Қияжол және Бірлік елді мекендері сапалы электр желілерімен қамтылады
Келес ауданында 2022 жылы сапалы электр жүйесімен елді мекендер бойынша 75,9 пайызы қамтылған болатын, 2023 жылы бұл көрсеткіш 1,2 пайызға артып 77,1 пайызды құрады.Аудан аумағында 2 елді мекеннің құрылысы жүргізіліп, 2023 жылы пайдалануға тапсырылды.Атап айтсақ, Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ елді мекені (жалпы құны 337,9 млн.тенге) және Абай ауылының жаңа тұрғын жайлары (жалпы құны 290 млн.тенге). Сонымен қатар, былтыр Құйған, Қияжол және Бірлік елді мекендерін сапалы электрмен қамту құрылыс жұмыстары басталып, биылғы жылы аяқтау жоспарланған.
Сапалы электрмен қамту мақсатында ағымдағы жылы 3 ауылдық округтің елді мекендері электр қуатымен қамтылады. Атап айтқанда, Бірлік ауылдық округі Бірлік елді мекенінде (жалпы құны 63,1 млн.тенге), Абай ауылы Қожамберді батыр, Отан, Ынтымақ, Мәдениет, Өркениет және Даулет көшелерінде (жалпы құны 60,7 млн.тенге).Ақтөбе ауылдық округі Құйған және Қияжол елді мекендерінде (жалпы құны 61,5 млн. тенге) нысандары ағымдағы жылы аяқталып пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, Түркістан облысының электр қуатына жалпы қажеттілігі сағатына 320 МВт болса, оның 80 пайызы сыртқы көздерден тасымалданады. Елді мекендердің 98 пайызы, яғни 816 елді мекен орталықтандырылған электр желісін пайдаланады. Өңірдегі 16 ауыл шалғайда орналасуына байланысты күн сәулесі панелі, дизельді генератор секілді өзге де қуат көздерімен қамтылған.
Өткен жылы 104 мың тұрғыны бар 40 елді мекенде 36 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 28 нысанның құрылысы аяқталып, 26 елді мекендегі 52,4 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Ал, 8 нысанның құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.