Ана мен баланы қорғау – басты міндет

Бүгінгі күні отбасы құндылығының әлсіреп, тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерінің көбеюі бәрімізді алаңдатуда. Зорлық-зомбылық тек тұрмыстық емес, оның психологиялық, экономикалық сипаты да бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Мұндай құқық бұзушылықтың алдын алу үшін біз бірінші кезекте отбасы институтын күшейтуге, жанұя жарасымдылығын сақтауға басымдық беруіміз керек.

Айталық, қазақи тәрбиенің бесігі саналатын Түркістан облысында  2022 жылы 3022 неке бұзылса, 2023 жылы 2678 отбасы ажырасқан. Көңілге дем беретіні – ажырасу азайған.

Дегенмен полиция органдарына отбасы зорлық-зомбылық деректері бойынша 2022ж. — 5282, ал 2023ж.- 4766 хабарлама түскен. Осы аз деген хабарламаның артында қаншама шаңырақтың қайғысы  жатыр. Бұл отбасының тыныштығын кетіреді, әлімжеттік ананы жасытады, балаларды жасқаншақ етеді. Ал ұрпағым жеке шаңырақ болды деп қуанған ата-ана үшін ұл-қызының ортасына түсіп, зорлықтың куәгері болу қаншалықты ауыр.

Жалпы, біз тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтқанда жазаны қатайтуды бірінші орынға қоямыз.Мысалы, біздің аймақта жанұяның тыныштығын бұзғандардың соңғы екі жылында 3730 адам әкімшілік, 132 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алуға және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен облыс әкімдігімен бірлесіп «Салауатты болашақ» жобасы іске асырылып, оңды нәтижелерге қол жеткізілуде.Жобаның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтарды азайтуға, алдын алуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаумен байланысты органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.

А.БЕСПАЛОВА,

облыс прокурорыныңаға көмекшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *