Түлкібас ауданы Даубаба ауылында 100 орындық клуб салынады
Түлкібас ауданында өткен жылдың 12 айында 2244 іс-шара өткізіліп, 102 290 адам қамтылды. Алдыңғы жылы басталған Кершетас ауылдық клубының құрылысы аяқталып, ол былтыр пайдалануға берілсе, Майтөбе ауылдық мәдениет үйінің және Пістелі ауылдық клуб ғимараттарына ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасына енгізуге 3 мәдениет нысандары ұсынылып, 1 нысан қолдау тапты. Нәтижесінде 2024 жылы Даубаба ауылында 100 орындық клуб ғимаратының құрылысына (жоба құны 262,6 млн. теңге) 50,0 млн. теңге бөлінді.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 264 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың баяндауынша, қазіргі таңда бірінші кезекте ауылдық округ орталықтарына 200 орынды, халық саны 5000-нан асатын елді мекендерге 200 орынды, содан соң 2000-нан көп елді мекендерге 100 орынды мәдениет нысандарын салу ұсынылып отыр. Мәдениет үйлерінің жобалық-сметалық құжаттардың дайындығына зерделеу жұмыстары жүргізілді. 264 мәдениет мекемесінің 204-інің ғимараты бар, 60-ы жекеменшік ғимараттар мен мектеп, әкімдіктерде орналасқан. Оның 8-іне ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленген.
Жалпы облыс көлемінде жалпы 628 елді мекен Мәдениет үйімен қамтылмаған. 181 ауылдық округ орталығының 20-сында мәдениет нысаны жоқ. 2000-нан астам тұрғыны бар 108 елді мекеннің 88-і мәдениет нысанын қажет етеді. Оны салу үшін 23-іне жобалық-сметалық құжат жасалған. Сонымен қатар, қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан 23 мәдениет мекемесіне күрделі жөндеу қажет. Бүгінде 6 клубқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.