Төлеби ауданында әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілуде

Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Бағдатбек Жанғазиевтің бастамасымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін жасөспірімдерді анықтау және қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында отбасы институтын нығайту, балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау міндеттері айрықша айтылып келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, “Балалардың толыққанды дамуы, қауіпсіздігі және құқықтарының сақталуы – қоғамымыздың басты басымдығы болуы тиіс”. Бұл мақсатта Парламент пен Үкімет жан-жақты заңнамалық және әлеуметтік шараларды қабылдап, жүзеге асыруда. Түркістан облысы мен оның құрамындағы Төлеби ауданы да осындай мемлекеттік саясатты белсенді түрде қолдап, жергілікті деңгейде тиімді жүйе құруда. Арнайы топ құрамында аудан әкімдігі өкілдері, денсаулық сақтау саласының мамандары, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер бар. Олар бірлесіп, әлеуметтік осал жағдайдағы балалар мен жасөспірімдерді анықтау үшін аула аралау жұмыстарын жүргізді.  Нәтижесінде  Ленгір қаласы, Жангелдин көшесінде тұратын кәмелетке толмаған мүгедектігі бар жасөспірімнің тұрмыстық жағдайы санитарлық талаптарға сай еместігі анықталды. Бұл мәселе комиссия төрағасының бақылауына алынып, аудан әкімдігі мен әлеуметтік қызметкерлердің жедел әрекетімен шешілді. Тұрғын үй күл-қоқыстан тазартылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Үйде бірге тұрған үй жануарлары тиісті орынға жеткізіліп, залалсыздандыру шаралары толық атқарылды.

Мүгедек жасөспірім тиісті ем алу үшін емдеу орталығына орналастырылып, оған қажетті медициналық көмектер көрсетілуде. Сонымен бірге, отбасының әлеуметтік жағдайы бақылауда болып, қажет болған жағдайда қосымша қолдау шаралары да қарастырылып отыр.

Осылайша, Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы — еліміздің әлеуметтік саясатындағы нақты әрі маңызды қадам. Мемлекет басшысының бастамаларын қолдау және Парламент пен Үкіметтің заңнамалық базасын тиімді іске асыру арқылы осал топтарға көрсетілетін қамқорлық күшейтіліп, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі сенімді түрде қорғалуда.Түркістан облысының жергілікті өзін-өзі басқару органдары Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруда, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруде, отбасы институтын нығайтуда белсенділік танытуда. Төлеби ауданының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бұл үлгі – Қазақстан Республикасының балаларына деген жан-жақты қамқорлық пен қолдаудың нақты дәлелі. Мемлекет басшысының Жолдауларында белгіленген міндеттер мен бастамалар өңірде тиімді жүзеге асуда, бұл елдің келешегінің берік негізін қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазақстанның әрбір азаматының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған осындай жүйелі жұмыстар болашақта да жалғасын табатынына сенім мол.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *