Кентау – мүмкіндіктер қаласы!
Жасыл желекті қаланың табиғаты ерекше, ал сәулеті көз сүйсіндіреді. Қала облыс орталығы Түркістан қаласынан небәрі 30 шақырым қашықықта орналасқан. Кентау қаласы тұрғындарының саны 100 мыңнан асады. Мұнда өз ісін жетік білетін еңбек адамдары тұрады. Кентау — өндірісті қала. Қалада индустриалды аймақ іске қосылған. Бұл мақсатқа қала аумағынан 41,7 га жер телімі бөлініп, инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Кентауда әлемге танымал трансформатор зауыты орналасқан. Мұндағы өнімнің 40%-ы 14 елге экспортталады. Жыл сайын трансфарматорлардың 40-тан аса жаңа түрі өндіріске енгізіліп келеді. «Ханның тағы» аталып кеткен – Хантағы тауы қаладан 30 шақырым жерде орналасқан. Қазір мұнда эко туризм дамып келеді. Хантағы ауылында қаланы жылумен қамтып отырған №5 ЖЭО бар. Қарнақ ауылындағы 1000 жылдық тұт ағашы өсіп тұр. Алып ағаштың биіктігі 8-9 метр болады. Ал, еніне 6 адамның құшағы әзер жетеді. Қарнақ ауылында Қ.А.Ясауи кесенесінде орналасқан тайқазан құйылған. Ауылдағы Шаммат-Ишан медресесі музей ретінде сақталып қалды. Мұражай 26 бөлмеден тұрады. Мұндағы жәдігерлердің 80 пайызына жуығы – қолөнер туындылары және сирек кездесетін көне кітаптар. Байылдыр мен Ащысай ауылдарында да туризм саласын жандандыруға арналған тың жобалар қолға алынып келеді. Кентау жастар қаласы. Қазіргі таңда қала 30 000 астам жас бар. Кентау – жаңа жобалар жүзеге асатын, жаңа мүмкіндіктер мекені!