Түркістан облысының полицейлері «қорғаудың» көмегімен қарызы бар 850-ден астам автокөлікті анықтады

Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері мен патрульдік полицейлер «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен жыл басынан бастап қарызы бар екеніне қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген 851 автокөлікті анықтады. Оның ішінде әкімшілік айыппұл салынған 829 автокөлік жүргізушісі және жеке сот орындаушыларынан түскен қаулылар негізінде анықталған 22 борышкер автокөлігі бар. Борышкер жүргізушілердің жалпы берешегі 136,5 миллион теңгеден астам.
📎Сондай-ақ бұған дейін автокөлік иелеріне ескерту жасалған болатын. Әкімшілік айыппұлдар мен қарыздарды төлемеген автокөлік жүргізушілері өзге де көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, облыс аумағындағы жол ережелерін бұзуды жалғастырған. Борышкерлердің көліктері айыптұраққа орналастырылды. Қарызды толық төлегеннен кейін иелеріне қайтарылады. Полиция жүргізушілерді үнемі жол ережелерін сақтауға және құқық бұзушылықтарды болдырмауға, сондай-ақ қарыздарды уақтылы төлеуге шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *