Жанель көлік жөндеу ісін қолға алды

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тұрғыны жас кәсіпкер Қуламетова Жанель былтыр өз кәсібін бастау мақсатында мемлекеттен 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алу үшін “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-на өз бизнес жобасын ұсынып, нәтижесінде несиеге қол жеткізген болатын..

Қазіргі таңда кейіпкеріміз ауыл орталығында жеке көлік жөндеу орталығын ашып кәсібін дамытуда. Алдағы уақытта ауылдың басқа жерлерінен де көлік жөндеу орталығын ашып кәсібін ұлғайтуды мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, биыл «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жобасы» аясында өңірдегі 600-ден астам жасқа 2,5 пайызбен 5 000 000 теңгеге дейін несие беру жоспарланған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның мәлімдеуінше, өткен жылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында жаңа бизнес-идеяларды дамытуға нақты 1 687 адамға грант берілді. Олардың бәрі жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелді.

Бүгінде өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 213 020 кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуық шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Қазіргі таңдағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5659 мемлекеттік қызметшінің 1542-і немесе 26,9%-ын  нәзік жандылар құрайды. Оның ішінде, 244-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады.

2023 жылы Түркістан қаласында әлеуметтік мәселелерімен келетін көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға арналған «Қамқорлық» жанұя орталығы ашылды. Аталған орталықтың оң нәтижелері мен тиімділігі ескеріп, 2024 жылы өңіріміздің барлық аймақтарында мағыналас орталықтарды ашу кестесі бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *