Кентауда тұрғындарды газбен қамту көрсеткіші 93 пайызға жеткізіледі

Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңге бөлінген. Қазіргі таңдаI II III кезеңдер бойынша жоспарланған жұмыстар атқарылуда. Қала аумағындағы тұрғын үйлерді газ жүйесіне қосу мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, ағымдағы жылдың соңына дейін қала тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткішін 93 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінде қала аумағындағы жалпы 18062 абоненттің 10620-сы, яғни 58,7 пайызы орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған.

Бұл туралы Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен апталық жиында айтылды. Жалпы аталмыш жиында төрт мәселе қаралды. Алдымен қалалық экономика және қаржы бөлмінің басшысы И.Азизбаев 2024 жылдың сәуір айына бөлінген қаржының игерілуі бойынша баяндады. Одан кейін Кентау қалалық газ қызметі КММ директоры А.Әміртаев қала аумағындағы тұрғын үйлердің орталықтандырылған табиғи газ жүйесіне қосылу барысы туралы және қала тұрғындарының газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалану бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.

Қала басшысы тұрғындарды газға қосу баяулап жатқанын тілге тиек етіп, жұмысты жеделдетуді және тұрғындарға газды қауіпсіз қолдану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Қалада құрылған секторлардың жұмыс барысы жайында 109 орталығының басшысы Ж.Қожахмет баяндап өтті.

Қала басшысы әр секторда орын алған жайттар бойынша жауапты сала басшыларына реттеу бойынша тапсырма берді. Келесі жиында аталған мәселелерді қалыпқа келтірілмеген сала басшыларына шара көрілетіні ескертілді.

Қала басшысы әр баяндамашыны тыңдап, салалар бойынша анықталған кемшіліктерді реттеуді, жұмысты жүйелендіріп, аталған мәселелерді уақытында шешуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *