Түркістан облысында келер жылы 34 мектеп пайдалануға беріледі
Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада алда келеді. Сәйкесінше өңірімізде мектеп оқушыларының саны да жыл сайын артып, білім ұяларына деген қажеттілік сейілмей тұр. Қазіргі таңда осы бағытта бірқатар шаралар атқарылуда. Айталық, облыста 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 63 жаңа мектеп салынбақ. Келешекте онда 49 мың бала білім алатын болады.Бой көтеретін мектептердің саны әр өңірдің қажеттілігін әрі демографиялық ахуалын ескере отырып анықталған. Сондықтан «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік.
Мемлекет басшысының бастамасы негізінде қолға алынған заманауи, жайлы мектептердің салынуы өңірдегі үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілмек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған жоба аясындағы жұмыстарды саралау үшін жауапты мердігерлер мен жобаны үйлестіруші «Самұрық-Қазына» қоры өкілдерінің басын қосты. Мәжілісте ұлттық жобаны өңірде асырудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Әкім төрағалығымен өткен мәжілісте пилоттық жобаның іске асыру барысы қаралды. Өңір басшысы жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды. Жұмысшы санын арттырып, құрылыс кестесін екі ауысымда жүргізуді міндеттеді. Облыс әкімі жаңа мектептердің құрылысына құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажеттігін айтты. Алайда құрылыс материалдарының бағасын шарықтатпауды қатаң ескертті. «Жайлы мектептерді» білікті ұстаздармен қамту аса маңызды. Бұл ретте тараптардың қатысуымен апта сайын жиналыс өткізу жоспарланды.
Пилоттық жобаның өңірде жүзеге асуын Түркістан облысының әкімі жеке бақылауына алған.