Ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларына қызмет көрсетеді

Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Сондықтан ана мен бала құқығын қорғау, ардақты аналардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – үлкен міндет.

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндауынша, бүгінде өңірімізде «Бақытты отбасы», «Жанұя», «Шаңырақ» секілді тың жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Отбасын қолдау орталықтары» да ашылған.

Түркістан қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанынан «Қамқорлық жанұя орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің де өз жұмысын бастағанын айта кетейік. Орталықтың мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және Түркістан қаласында тұратын көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың қиын жағдайларын еңсеруде ынтасын арттыру және қаржылық жағдайын түзеу.

Сондықтан орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы, толық емес, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларына қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда орталық арқылы аталған санаттағы тұрғындарға құқықтық, психологиялық кеңестер берілуде. Орталық тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында үй жағдайында табыс тауып, өз кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін әртүрлі бағытта курстар ұйымдастырады. Қысқа мерзімде маман атанып, сертификат алған азаматшаларға мемлекет тарапынан ұлттық жобаның қатысушысы ретінде өтеусіз гранттар және қайтарымсыз негізде несие алуға мүмкіндік беріледі. Орталықтың сүйемелдеуімен кәсіптік курстатарды бітірген 8 үміткер ұлттық жобаның мемлекеттік қайтарымсыз грантының жеңімпазы атанып үлгерді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *