«Таза Қазақстан»: Шежірелі Сайрам мен Отырар аймақтары гүлге оранып, жаңара түсті

Түркістан облысындағы барлық елді мекендерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында санитарлық және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Науқан аясында Сайрам ауданында көше бойлары қоқыстан тазартылып, саябақтар мен скверлер аумағындағы ағаш түптері ағартылып, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ елді-мекендердегі көше бойларына емен, шырша, самшит және қарағаш секілді 2870 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Отырарлықтар да республикалық акцияға өз үлестерін қосып, «Таза өлке» апталығы аясында аудан орталығындағы көшелердің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. «Жібек Жолы» даңғылының бойындағы арамшөптер оталып, арнайы техникалармен қатты қалдықтар мен күл-қоқыстар шығарылды. Көше бойындағы және саябақтардағы орындықтар сырланып, ағаштар мен талдардың түптері ағартылды. Жалпыхалықтық шараға 300-ге жуық адам қатысып, 4 арнайы техника жұмылдырылды. Белсенді жұмыстардың нәтижесіне 30 тоннаға жуық күл-қоқыс аудан сыртындағы арнайы орындарға шығарылды. Бұдан бөлек, аудан орталығына «Питушок», «Алиссум», «Шофран», «Бархатцы» секілді 10 мыңға жуық гүл егілді. Жалпы биыл 21 мың гүл егу жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *