Сауран ауданында 10 көпір жөнделеді

Сауран ауданында аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары 731 шақырымды құрайды. Олар 65 пайыз асфальттанған.2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 28 көшеге 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы  26 көшеге яғни, 58,6 шақырымға  асфальт жол салынады.Сонымен қатар,  72 шақырым тас төсеу жұмыстары атқарылып, 2024 жылы 48 шақырым жолға топырақ жолға тас төселеді. Елді мекендерде аяқжол салу қажет ететін 24 шақырым аяқжолдың 9 шақырымы ағымдағы жылы, қалған 15 шақырымы 2025 жылға жоспарланған.

2 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, 5 көпірді 2023 жылы, 2024 жылы 10 көпірді, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда. Қоғамдық көліктер бойынша аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тысамалына 6 бағыт жоспарланып, 3 бағыт бойынша қызмет көрсетілуде.

Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды.

5 жылда 6 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға дейін жетті. Былтыр 1,5 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылдың 25 қарашасында «Дарбаза– Мақтаарал» теміржолының құрылысы басталды. Бұл теміржол желісінің құрылысы Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Оны іске асыру қолданыстағы Сарыағаш–Ташкент учаскесінен жүк ағынын қайта бағдарлауға, Сарыағаш стансасы жүктемесін түсіруге және осы бағытта экспорттық жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *