Қырғызстаннан келген гуманитарлық көмек қай өңірлерге жіберілді

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бауырлас қырғыз халқынан келген гуманитарлық көмектің қай өңірлерге жіберілгенін айтты.

«Қостанай қаласына Қырғызстан Республикасынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Қалған жүк көліктері Атырау және Батыс Қазақстан облысына бара жатыр. Гуманитарлық көмек Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамыркановтың қатысуымен таратылып жатыр», — деді Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Қырғызстаннан келген гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жеткізілгенін хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, су тасқынының зардабына байланысты Қырғызстан Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жіберген еді.

Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстан халқына гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *