Қырғыз қызы көсегемізді көгертіп отыр

Бермет Бегалиева маған жеңге болады. Қырғыз ұлтының қызы. Дегенмен, менің ардақты жеңгем жан-тәнімен, болмысымен қазақ болып кеткен жан. Оның біздің әулетімізге құтты келін болып түскеніне 10 жылдам астам уақыт болды. Қазақ халқының салт-дәстүрін меңгеріп, тілі мен дінін қадірлей біледі. Үлкенге ізеті, кішіге құрметі бөлек адам. Әрдайым ауыл қарияларына сәлемін салып, батасын алып жүреді.

Келінге тән ізетін жасап, өкшесін басып келе жатқан өзінен кейінгілерге де үлгі-өнеге көрсетуде. Көпшілікті осындай жақсы қасиеттерімен сүйсіндіре білген алтын жеңгеме мен келін болып түскен күннен бастап сырлас болдым. Ол өте мейірімді. Жан-жағындағылар ғана емес, мен де оның мейірім, жақсылығын, қамқорлығын көрген адаммын. Берметтің атасы мен енесіне, қайын ағалары мен жеңгелеріне, қайынсіңлілеріне деген көңілі мен пейілі, құрметі ерекше. Ешкімді жатырқамайды. Тез тіл табысып, жанына тартып жүреді. Оның жайдары, үнемі күліп жүретін жарқын жүзін көргенде өзіңнің де көңілін көтеріліп, қуанып, өзгеше күйге бөленесін.

Бермет жеңгем ауылдағы мектептердің бірінде асханада аспаз болып жұмыс істейді. Оның он саусағынан шыққан тағамдары тіл үйірердей тәтті. Ол қазақтың ұлттық тағамдарын ерекше ықыласпен әзірлейді. Отбасының берекесін кіргізе білген алтын жеңгемді мен әрқашан да мақтан етемін! Бермет жеңге ұзақ та, бақытты ғұмыр кешіңіз!

Замира БЕКБАЕВА,

Ханқорған ауылының тұрғыны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *