Махми «Үздік ойыншы» атанды

Түркістан облысының құрылуына 6 жыл толуына орай, Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан қыздар арасында Түркістан облысының VI спартакиадасы өтті.

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен байрақты бәсекеге Шардара, Келес, Бәйдібек, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Түркістан, Отырар, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан келген 10 командада 100-ге тарта спортшы өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға Сайрам ауданының құрамасы табан тіресе, ІІ орын Жетісай ауданының бұрымдыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орынды Шардара ауданының құрамасы алып, чемпион атанды. Сондай-ақ, өзінің шапшаңдығымен және ептілігімен көзге түскен Сайрам ауданы құрама командасының спортшысы Махми Жұмантаева спартакиаданың «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар бағалы сыйлықтарымен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *