Сауран ауданында полицейлер 7 жүк көлігін айыптұраққа қойды

Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу, болдырмау мақсатында тәртіп сақшыларымен үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Осы бағытта Сауран ауданының полицейлері, әкімдік және Көлік комитеті қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс атқаруда.
Мәселен аталған арнайы топ жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша 20-ға жуық жүк көліктерін тексерді. Нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берген 7 жүк көлігі анықталып, айыптұраққа қойылды.
Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабымен «Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу» әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған фактілер бойынша құжаттар шешім қабылдау үшін Түркістан облыстық Экология департаментіне жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлердің күн тәртібінен түспей, арнайы шаралар облыстың барлық аумағында өз жалғасын табатынын еске саламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *