Республикалық трассалардың бірінде қозғалысқа шектеу қойылды

2023 жылғы 15 шілде күнгі сағат 18:00-ден бастап 16 шілде сағат 08:00-ге дейін (14 сағат) Р-10 айналма жолында (Ақмола өңірі) көлік қозғалысы толық шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтожол» мекемесіне сілтеме жасап.

Мердігер ұйым жол жабының жоғарғы қабатын орнату жұмыстарын жүргізеді.

Балама жол ретінде Ы. Алтынсарин ауылы арқылы өтетін жолды (96 разъезд) қолдануға болады.

Сонымен қатар қалаішілік жолдар арқылы қатынауға болады: С.Мұқанов (мамандандырылған ХҚКО) — Баршын көшесі – Н.Тілендиев көшесі – Көктал көшесі – М. Дулатов көшесі — А. Герцен көшесі – Малахов көшесі – Сусамыр көшесі-30 – шы көше-Өндіріс көшесі.

«Жүргізушілерден жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *