КЕНТАУДА БАТА БЕРУДЕН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Кентау қаласының 70 жылдығына орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Баталы елге бақ қонар» атты облыстық байқау өтті. Шараға аудан-қалалардан 17 қария қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты. Бата өнерін насихаттау мақсатында өткен жарыста қатысушылар батаны жатқа айтып әрі салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, ақсақалдардың сөз саптауы мен сыртқы киіміне де қосымша баға берілді.
Нәтижесінде бас жүлдені шардаралық Қыстау Ілесов жеңіп алды. Жүлделі 1-орынды саурандық Өтеген Әшенов, ал 2-орынды Кентау қаласынан келген Әбілда Қанай мен Түркістан қаласынан Тәліп Бейсебайұлы иеленді. Сондай-ақ, 3-орынға жетісайлық Талдыбай Асылбеков, қазығұрттық Сатыбалды Бердияров, созақтық Өтепбай Имашов ие болды. Жарысқа қатысып, жүлделі орын алғандарға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *