Түркістан облысында 40 жастағы батыр ана 11-ші перзентін өмірге алып келді
20 қыркүйек күні №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы батыр ана 11-ші баласын босанды.
Медицина мамандарының сөзіне сүйенсек, сарыағаштық Айнагүл 11-перзентін де отасыз өзі босанған. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауына алынған.
«40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездеседі» — дейді дәрігерлер.
Бұған дейін Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы бар болатын. Олардың үлкені – 21 жаста. Ал, 11-ші перзентін келіншек ол Мұстафа деп атады.
Айнагүлдің жолдасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам қызметін атқарады. Ал, өзі үйде бала күтімімен отыр.