Шардарадағы «Қасиет» орталығы: әлеуметті қолдаудың нәтижелі қадамы
Шардара ауданында 2022 жылдың 11 ақпанында коммуналдық мемлекеттік «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Бұл мекеме — аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрамында құрылып, мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік қолдауды жергілікті жерлерде нақты жеткізуге бағытталған. Әлеуметтік қызмет көрсету – орталықтың басты миссиясы. Бұл бағытта 2022 жылы 569 адамға, 2023 жылы 947 адамға, ал 2024 жылы 518 азаматқа қолдау көрсетілді. 2025 жылға жоспарланған көрсеткіш – 312 адамды қамту. Орталық қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет, күндізгі бөлімде кеңес беру, оңалту және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға психо-әлеуметтік көмек көрсетуді қамтиды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саясаттағы стратегиялық бағытына сай жүзеге асырылуда. Президент өзінің Жолдауларында: «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қолдау көрсету – әділетті қоғамның белгісі» деп атап өтті Сонымен қатар, 2025 жылы Қазақстан «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, әлеуметтік қолдауды кеңейтуге зор көңіл бөлінді Парламент пен Үкімет бұл бағыттағы жұмыстарды нақты жүзеге асыруда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жұмыспен қамту бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету ауқымды қамтуды көздеп, қайта даярлау, оңалту және еңбекке жәрдемдесуге көңіл бөлуде.
Шардарадағы «Қасиет» орталығы – әлеуметтік қолдауды жергілікті деңгейде тиімді ұйымдастыру үлгісі. Коммуналдық мекеме ретінде аппараттық, біліктілік және қаржы бағытында қатарлы жұмыс істеп келеді. Бұл – әлеуметтік саясаттың тиімділігі мен халық игілігіне қызмет жасау деңгейінің дәлелі. Орталықтың жұмысы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, мәдениет, денсаулық, білім саласындағы ұйымдармен үйлестіріліп, көп салалы қолдау механизмін қалыптастырды. Аудандағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі бюросымен тікелей байланыс, жергілікті қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар әлеуметтік қамтуды кеңейтіп отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Әлеуметтік бағдарламалар халыққа нақты жетуі керек, бюрократия және кедергілер жойылуы тиіс» . Шардарадағы тәжірибе осы қағидаларды толық жүзеге асырып отыр – орталықтың жұмысы әр адамға мән мен қолжетімділікпен жасалып, сапаға мән берілуде.Осылайша, «Қасиет» орталығы – әлеуметтік қолдау саласында жүзеге асып жатқан реформалардың нәтижесі. Бұл – аз қамтылғандардың, мүгедектер мен қарттардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған нақты шара. Орталықтың жұмысы Инклюзивті қоғам құруға, азаматтардың өмір сапасын арттыруға, әділетті әлеуметтік саясатты іске асыруға серпін береді.
Шардараның тәжірибесі – Қазақстанның басқа аудандарында қайталанып, әлеуметтік қолдауды жетілдіру мен халыққа нақты қызмет ету шарасын дамытуда үлгі болмақ. «Қасиет» орталығының ерекшелігі – әлеуметтік қызметтердің тек көмек көрсету деңгейімен шектелмей, қызмет алушылардың қоғаммен белсенді байланыс орнатуына мүмкіндік беруінде. Мекеме мамандары қызмет алушылардың психологиялық жай-күйін оңалтумен қатар, олардың өмірге деген құлшынысын арттырып, қоғамдағы белсенділігін қолдайды. Бұл ретте орталықта жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен дефектологтар әр азаматтың жағдайына жеке көзқараспен қарап, дербес жоспар құру арқылы көмек көрсетуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы Жолдауында атап өткендей, «Әлеуметтік саясат – мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Біз қоғамның барлық мүшесіне тең мүмкіндік беретін инклюзивті және әділетті мемлекет құруға ұмтыламыз». Осы мақсатта қолға алынған бастамалардың бірі – дәл осындай орталықтардың жұмысын кеңейту және олардың сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету. Шардара ауданындағы «Қасиет» мекемесі – осы мемлекеттік саясаттың нақты іске асуының көрінісі. Мұндағы қызметтердің сапасы мен ауқымы жыл сайын артып келеді. Мекеме басшылығы мен қызметкерлері тек жоспар орындаумен шектелмей, жаңа әдістер енгізіп, әлеуметтік жұмыстың мазмұнын тереңдетуге тырысуда.