ОРДАБАСЫ: БАЛАЛАР ЛАГЕРІНДЕГІ СЕНБІЛІККЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ АТСАЛЫСТЫ
Аудан аумағында орналасқан балалар лагерінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шарада балалар тынығатын аймақты реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Ауқымды тазалық жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, білім беру, мәдениет және спорт саласының өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Жалпы сенбілік жұмыстарына 500-ге жуық адам атсалысты.
Тазалық шарасы аясында тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылды. Сондай-ақ, 370 дана қураған ағаштар кесіліп, 3 гектар аумақтағы шөп орылды. Сенбілікпен қатар, лагердің аумағындағы күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Ақмұратов пен аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз нысанды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Олар мердігер мекеме өкілдеріне жұмыс сапасына қатысты нақты тапсырмалар берді. Шара соңында жауапты тұлғалар еңбек еткен ұжымдарға ризашылығын білдіріп, сенбіліктердің тұрақты түрде ұйымдастырылатынын жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет