ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

“Ерлікке тағзым” қайырымдылық акциясы аясында Түркістандағы “Жеңіс” саябағында сенбілік өтті.
 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ерлікке тағзым” атты республикалық қайырымдылық акциясы Түркістан қаласында жалғасын тапты. Іс-шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің бастамасымен, қаладағы С.Ерубаев көшесінде орналасқан “Жеңіс”саябағында ұйымдастырылды.
 Акцияның негізгі мақсаты — жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи жадты жаңғырту және ардагерлерге құрмет көрсету арқылы отансүйгіштік қасиеттерді нығайту.
 Іс-шара барысында жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер мен сала мамандары, жалпы саны 100-ге жуық азамат бірігіп, саябақ аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Арнайы техника жұмылдырылып, мемориал маңайы тазартылып, жолақтар сыпырылып, қоқыс сыртқа шығарылды.
Нәтижесінде “Жеңіс” саябағы абаттандырылып, көркейе түсті. Бұл игі бастама – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерен ерлігіне деген терең құрметтің айғағы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *