ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР АУДАРЫСПАҚТАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Сәуір айының 28-29 күндері аралығында Түркістан облысы Төлеби ауданы «Саңлақ» атшабарында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай aударыспақтан 2005-2007 жылдары туған жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Жарысқа қатысқан “Шардара аудандық ұлттық спорт және өнер клубы” КММ-ң спортшылары жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтар болсақ, 52 келіге дейінгілер арасында Ұланбек Кадірбек, 57 келіде Қуаныш Нұрмаханбет және 95 келіден жоғары салмақта сынға түскен Нұрболат Мұрат қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Сондай-ақ, 82 келіде күш сынасқан Мейіржан Бибала мен 95 келіде өнер көрсеткен Нұрмухаммед Ануарбек қола жүлдені қанағат тұтты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *