ТҮРКІСТАНДА АБАЙ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДІ
Түркістан музыкалық драма театрында 1-2 мамыр күндері Абай мұрасына арналған «Қара сөз» пластикалық спектаклі сахналанады. Қойылым Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына және халықаралық би күніне орай ұйымдастырылған.
Шығармашылық топтың айтуынша, «Қара сөз» жай ғана спектакль емес. Туынды — көрерменмен іштей сырласып, Абай әлемімен таныстырады. Қойылым — қазақ даласының кеңдігін, көшпенділердің философиялық ой-өрісін, халықтың болмысын жаңа қырынан танытады. Сондай-ақ, би мен музыканың үндестігі арқылы спектакльдің көркемдік деңгейі биікке көтеріледі. Қойылымды сахналайтын шығармашылық топ Абайдың мұрасын қазіргі заман көзімен жаңаша ашып көрсетпек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі