Сауранда жаңбырлатып суғару машиналары шығармақ

Өңірімізге іссапармен келген вице-премьер Серік Жұманғарин Сауран ауданыШаға ауылдық округіндегі өнеркәсіптік парк аймағына барды. Мұнда қазақстандық «BNK Group» БНК компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, 2023 жылы «BNK IRRIGATION» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты. Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды. Бұл Қазақстанда су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану үшін су шашыратқыш машиналардың толық циклін өндіруді жолға қоюға мүмкіндік беретін ірі және көп миллиардтық инвестициялық жоба.

Алайда, бүгінгі таңда компания ҚР резиденті ретінде күшті салық жүктемесіне тап болып отыр. Кәсіпорын директоры Ниязали Бейсенбаевтың айтуынша, нарықта ұсынылған шетелдік компаниялардың бұл тұрғыда бірқатар артықшылықтары бар. Мысалы, ҚР резиденті емес компаниямен жасалатын келісімшарттардың көпшілігі ҚҚС және басқа да мемлекеттік баж салықтарынан босатылды.

«Қазақстанға өз өндірісіндегі жаңбырлатқыш машиналар қажет екені сөзсіз. Біз отандық өндірушіге басқа өңірлерде су үнемдеу технологияларын енгізу үшін техника сатып алу бөлігінде қолдау көрсетеміз. ҚҚС төлеуге келетін болсақ, ауыл шаруашылығы министрлігіне Астанаға оралғаннан кейін бұл мәселені тезірек шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен кеңес өткізуді тапсырамын», — деді Серік Жұманғарин.

Екінші ірі өнеркәсіп нысаны – «Lihua Spinning Technology Co., Ltd» ЖШС тартылған «Түркістан» ӘКК мен «Алтын дала мақта» ЖШС бірлескен жобасы. Бұл жоғары сапалы шикізатты өсіруден бастап, жұқа матадан жасалған киімдер мен жоғары сапалы үй тоқыма бұйымдарын өңдеу мен өндіруге дейін өндірістің толық циклін құруды қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *