Кентауда жаңа спорт нысаны салынады
Кентауда жастар арасында халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі спорт сайыстарының жеңімпаздары артқан. 2021 жылы Кентаулық жеңімпаздар саны 24 болса, өткен жылы – 84, биылғы жарты жылдықта 67 спортшы жеңіске жетті.
Кентау қаласында 53 спорттық кешен іске қосылған. Өткен жылы Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында, екі спорт зал ел игілігіне беріліп, спорт саласына мол үлес қосып жүрген ауыл жастарына қолайлы жағдай жасалып келеді.
Бүгінде спорт саласына бет бұрған Кентаулық тұрғындардың артуына байланысты түрлі заманауи бағыттағы кешендердің құрылыс жұмыстары жоспарлануда. Сондай-ақ биыл қалада 250 орындық спорт кешенінің құрылысы мен «Динамо» стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстарының жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.