ОБЛЫСТЫҚ “БІЛІМ БӘЙГЕ” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

Сауран ауданында жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және зияткерлік деңгейін көтеру мақсатында облыстық “БІЛІМ БӘЙГЕ” интеллектуалды сайысы өткізілді. Іс-шараны Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастырды.
 Сайыстың ашылу рәсіміне Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық мәслихат депутаттары Аслан Раматуллаев пен Хуршид Шарапов, сондай-ақ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшы м.у.а Марат Қалеке қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру бағытындағы мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
 Интеллектуалды сайыс төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар салт-дәстүр, өнер және жалпы танымдық бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, білім мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Әр тапсырманы орындауға 1 минут уақыт берілді.
Байқауға Түркістан облысы, Кентау қаласы, Бәйдібек, Сайрам және Сауран аудандарының жастары қатысып, барлығы 22 команда өзара бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені — «Дарын» командасы иеленсе, бірінші орын — «Кемеңгер» командасына, екінші орын — «JOL-STAR» командасына, ал үшінші орын — «Руханият» командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімінің атынан алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімінің атынан алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *