Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Сайрам ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы» атты тақырыпта  аудан көлемінде ауқымды семинар өтті. Іс-шараның мақсаты өскелең жас ұрпақты рухани- адамгершілік қасиетке баулу, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімді меңгерген, салауатты ұрпақ тәрбиелеу, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету болды.

Семинарды аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Талғатұлы ашып берді. Семинарда басымдылық ұлттық құндылықтарға бағытталды. Айталық, «Асық терапиясы» — тақырыбында бөбекжайдың әдіскері өнің шеберлік сағатын өткізді. Алдағы уақытта асық ойынын одан әрі қарай дамыту көзделіп отырғандығын жеткізді.

«Жасыл балабақша» — жобасының аясында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері айтылып, «Бағдаршам – біздің досымыз» тақырыбында жол белгілерін меңгертуге арналған педагогикалық әдістер көрсетілді. «Әжелер мектебінің» өкілдері де іс-шараға белсенді түрде қатысты. Олар өздерінің өю – өрнек, тігіс тігу, тоқыма тоқу, құрт жасау секілді ұлттық өнерімізден шеберлік сағаттарын өтіп, олардың мәні мен маңызын әңгімелеп берді. Бүлдіршіндерге ертегілер айтып, оларға арнайы әкелген базарлығын тарту етті.

«Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» атты тақырыптағы аудандық әдістемелік семинарды білім бөлімінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша әдіскері Қ.Сарманова қорытындылап, ұлттың ұлт болып қалыптасуы қашан да оның тілі мен ділінің, салт-дәстүрінің бекемдігіне байланысты екенін жеткізді.Оның негізі отбасылық тәрбиеде жатыр. Осы ретте отбасыдағы ата мен әженің рөлі ерекше екені сөзсіз. Әжелер мектебі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін тәрбие құралы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *