Айтыскер ақындар түрленген Түркістанның жетістіктерін жырға қосты

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан қаласындағы «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында «Түрленген, гүлденген Түркістан!» атты ақындар айтысы өтті.
Сүбелі сөз бен ой жарысының ашылуы салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев сөз алып, шараның мақсатына тоқталды. Өз кезегінде қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев ізгі ниетін білдіріп, сөз зергерлеріне сәттілік тіледі.
Айтыста еліміздің әр өңірінен жиналған 6 жұп бақ сынады. Кеште сөз майталмандары рухани шаһарды жырлап, жалынды жырларымен тыңдарман көңілін баурады.
Додада отырарлық Дәурен Ақсақалов жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі І орын Нұрмат Мансұровқа бұйырды. Жансая Мусина мен Мөлдір Атабай ІІ орынды иеленді. Ал Аян Ниязбек пен Қажымұхан Абзалов ІІІ орынды місе тұтты. Сонымен қатар «Қаныбек Сарыбаев» атындағы жүлдемен – Нұрмахан Жақыпбек, «Әселхан Қалыбекова» атындағы жүлдемен – Айым Асылбекқызы, «Әбдікәрім Манапов» атындағы жүлдемен – Рауан Қайдаров, «Тәушен Әбуова» атындағы жүлдемен – Нұрғали Әнапия, «Көпбай Омаров» атындағы жүлдемен – Дәурен Ысқақ және «Жарқынбек Наушабеков» атындағы жүлдемен Мұхаметхан Сіламхан марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *