Әр бір әйел бар жақсыға лайықты
Арыс қалалық іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Муслима Рақымжановамен қоғамдағы әйел-аналардың рөлі төңірігенде сұхабаттастық.
— Қазақстандық әйелдердің құқығы жайлы не айтасыз? Олар тұрмыста зорлық-зомбылық көріп жатыр ма, олардың құқықтары расымен тапталуда ма?
–Біз – зайырлы-демократиялық мемлекетпіз. Бүгінде қазақ қоғамында әйелдердің құқығы жайлы айтатын болсам, қазіргі таңда айқын көрініп, бұрынғыға қарағанда құқықтары тапталып жатқаны байқалмайды. Ауылды жерлерде болса да әр отбасы жіті қадағаланып отыр, әртүрлі жағынан айтуға болады. Мысалы, медицина жағын алатын болсақ, дәрігерлер, генекологтар, медбикелер өздерінің учаскелерін жіті бақылап қадағалауда. Үйме-үй аралап, анықтап, әлеуметтік орындарға, полицияларға хабарлап, алдын-алып отыр. Сол секілді білім саласында да педоготар үй-үйді аралап немесе оқуға мектепке келмей жатқан балалардың, қандай жағдайда оқуға келмей жатқан мәселелерді анықтап, білімнің жоғарғы орындарға, құзырлы орындарға хабарлап, социолог, психологтармен жұмыс істеуде. Жасөспірімдердің, олардың ата-анасының, қандай отбасылар екенін зерделеп-зертеп, алдын алу мақсатында құзырлы орындармен тығыз байланыста немесе әкелері ішіп ұрыс-жанжал шығарып, аналарын ұрып, балдарға зәбір көрсететіндей жағдай орын алса, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті шара қолданылады деген ойдамын. Бүгінгі таңда арнайы чаттар ашылған. Мәселен, кім жалдамалы пәтерде тұрады, кім қайдан көшіп келген, пропискаға учетка тұруларына байланысты скрингтен уақытылы өтулері қадағаланып отырады.
Ал, тұрмыстық зорлық-зомбылық әлеуметтік мәселе. Қоғам болған соң мұндай проблемаларды жоққа шығара алмаймыз. Зорлық-зомбылыққа қарсы Қазақстанда алдын-ала шара қолданып жатыр. Мысалы, кешегі Бишимбаевтың сотынан кейін Парламентте зорлық-зомбылыққа байланысты заң қабылданып, арнайы қызмет көрсететін телефон нөмерлері бар.
— Біздің елімізде бизнеспен айналысамын деуші әйелдерге кедергі бар ма?
–Елімізде кәсіпкерлерге барынша жағдайлар жасалуда. Қазір кәсіпкерлікке байланысты кедергілерге қарсы Үкімет мораторий жариялаған болатын. Біздің елімізде бизнеспен айналысамын дейтін әйелдерге ешқандай кедергі жоқтың қасы, себебі әртүрлі мақсатпен үкіметтен қолдау несиелердің түрлері көптеп берілуде. Кәсіппен айналысамын деген адамдарға ешқашан кеш емес. Әр адам өзін нақтылай беру керек қорықпай, сонда ғана кәсіп ашып, жұмыс істеуіне болады. Қазіргі таңда заң қабылданғалы жатыр емес пе? Мәселен, мемлекеттік қызмет жасайтындарда бірге қатар кәсіп ашып, бизнеспен айналысуына мүмкіндік бар. Президентіміздің негізгі мақсаты Қазақстанның әрбір халқы өз кәсібін ашып, отбасын бағып, үкіметке қолдарын жайып отырмай және де бюджетке салығын төлеп қазынамызға пайдасы тиер еді. Меніңше әр әйел баласы өз шағырағының отын әлсіретпеу керек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіншіліктерді ойланып, қорықпай тиімді пайдаланулары тиіс.
— Арыста қанша іскер әйелдер бар. Олар көбіне қай салада қызме етуде?
–Арыс қаласында Іскер әйелдер саны жыл санап артыап келеді. Меніңше, бүгінгі таңда 300-ден асады. Соның ішінде «Іскер» әйелдер кеңесіне мүше болып 70 әйел тіркелген. Олар әртүрлі салада қызмет етуде. Басым бөлігі бала-бақша, жеке мектеп ашу, сауда-саттық және сән-салондарын жүргізу, ал кейбірі медицина, нотариуспен және тағы басқа саланы жүзеге асырып келеді.
— Жалпы Арыс қаласындағы Іскер әйелдер қайырымдылық шараларына атсалысып келеді. Сол бойынша толықтырып айтып кетесіз бе?
— Арыс қаласында «ІСКЕР» әйелдер кеңес мүшелері қайырымдылық шараларына атсалысып келеді. Бүгінгі таңда қалада 5 іс-шара ұйымдастырылып, іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қолдау көрсетті. Үйі өртенген жалғыз басты 4 баланың анасына жәрдем көрсеттік. Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге «Күшіміз бірлікте» қорға қаражат жинауға атсалыстық. Одан бөлек «Ысқақ мешітіне» күрделі жөндеу жұмыстарына көмек беріп, «Қайырымдылық жасау-қайырымды жандардың қолынан келеді» акциясын, Рамазан айында 15-жалғыз басты, көпбалалы аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі баласы бар,әлеуметтік отбасыларға және пробацияда учетта тұратын жалғыз басты, көпбалалы (1) отбасына жазғы киім-кешектермен, ауызашар, азық-түліктер үлестіруге біз де қол ұшын создық. Жаңа-жыл-мерекесі қарсаңында «Жылдың үздік» коорпаративтік кеш ұйымдастырып, сый-сияпат жасауды дәстүрге айналдырдық.