КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БИЫЛ 6 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Биыл Кентауда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 6 ойын алаңшасының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Атап айтқанда, Т.Рысқұлов, Шүлембаев, Шахтерская көшелеріндегі үй аулаларына балалар спорттық ойын алаңшалары орнатылды. Сонымен қатар, «Жасыл қала» КММ тарапынан қаладағы 13 қөпқабатты тұрғын үй аулаларындағы ойын алаңшалары жөндеуден өтті.
Айта кетейік, 2023 жылы да аталған жоба аясында 5 тұрғын үй ауласына ойын алаңшалары орнатылған болатын. Жалпы, Кентау қаласында 56 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның ішінде 33 тұрғын үйдің ауласына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшасын орнату және абаттандыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Все реакции:

4

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *