ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ БАЛУАН КҮРЕСТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Алматы қаласында күрестен 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ел біріншілігі өтті. Дүбірлі додада түлкібастық Меруерт Назарбаева ел чемпионы атанды. 76 келі салмақта сынға түскен балуан қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді облыс қоржынына салды. Меруерт Түлкібас кентіне қарасты Б.Момышұлы мектебінің 11 сынып оқушысы.
Сонымен қатар, аталған жарыста ауданға қарасты Ақбиік ауылынан Гүлім Серік те сынға түсіп, үздік үштік қатарынан енді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі