Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
«Аманат» партиясы 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауды бағдарламасының шеңберінде отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша тұруды ұсыну бойынша 234 орталық құруды жоспарлауда.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан (161 жағдай), Алматы (125 жағдай), Қарағанды (118 жағдай) және Павлодар (98 жағдай) облыстарында орын алған.
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген сауалнамасының деректері бойынша қазақстандықтардың 26,5 %-ы өздеріне таныс отбасыларда үйдегі зорлық-зомбылық жағдайларын байқаған, бұл осы проблеманың өзектілігін көрсетеді. «Ауылдық жерлердің тұрғындары қалаларда (4 %) тұратындарға қарағанда Қазақстанда үйдегі зорлық-зомбылық проблемасы жоқ деп санайды (11,6 %), бұл ауылдық жерлердегі халықпен ақпараттық жұмысты күшейту қажеттілігін көрсетеді» дейді әлеуметтік зерттеушілер.
Жақында қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдаәйелдер мен балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жауапкершілікті қатайту, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, заңға балаларды қорқыту және кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіліп отыр. Жалпы, заңның негізгі мақсаты – жазалау емес, осындай оғаш оқиғалардың алдын алуды көздейді.