Еліміздегі мектептерде инклюзивті білім беруді дамытуға басымдық берілген

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес елімізде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Еліміздегі мектептерде ашылып жатқан инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқу кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан инклюзивті білім беруді дамытуға барынша басымдық берілуде. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда жалпы білім беру мектептерінің 86%-дан астамында қазірдің өзінде инклюзивті білім беру бойынша жағдай жасалды. 9,7 мың арнайы педагог психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүргізуде. Сондай-ақ 2,5 мыңнан астам педагог-ассистенттер енгізілді, олар білім алушыларға қолдау білдіруде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта елімізде мектептер жанынан 1051 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті және 22 ресурстық кеңес беру орталығы жұмыс жасауда. Бұл шаралардың барлығы барлық балалар үшін қолжетімді және инклюзивті білім беру ортасын құруға бағытталған.

Түркістан облысында 1052 жалпы орта мектеп бар. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде  өңірімізде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орынды 63 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Заманауи жабдықталған кабинет – оқушының сапалы білім алуына көмек берері сөзсіз.  Мемлекет басшысының білім ұйымдарын заманауи стандарттар бойынша жасақтау жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында былтыр 240 пәндік кабинетке облыстық бюджеттен қаржы қаралып  мектептердегі мұндай арнайы кабинеттердің саны  1565-ке жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *