Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында медициналық ұйымдарда арнайы орталықтар жұмыс істеуде

Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында: «Пандемияның салдары ана өлімінің өсуіне де әсер етті. Егер 2016 жылы бұл көрсеткіш 100 000 тірі туылғанға шаққанда 12,7 болса, 2019 жылы ол 13,7-ге жетті. 2020 жылы 100 000 тірі туылғанға шаққанда 36,5 жағдайға дейін күрт өсті. Ана болуды қорғау қызметтерін алу кезінде қала әйелдерінің 11,1 %-ы және ауылдық жерде тұратын әйелдердің 7,6 %-ы; 25-34 жастағы (10,2 %) қала әйелдері (6,1 %) арасында отбасын жоспарлау бойынша қызметтерді алу кезінде проблемаларға тап болған», — делінген.

Бүгінде Түркістан облысында халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұрпақ сүю жүйесімен байланысты аурулардың алдын алу жұмыстары тыңғылықты жүзеге асырылуда. Облыстың медициналық ұйымдарында 2021 жылы 532 ерте жүктілік жағдайы тіркелген. Ал, 2022 жылы 407 жағдай анықталды. 2023 жылдың 5 айда 175 ерте жүктілік.

Өңірімізде ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдар жанынан құрылған Жастар денсаулық орталықтары жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Леңгір, Кентау, Түркістан қалалық емханалары, Сарыағаш, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Созақ, Отырар  аудандық орталық ауруханаларының Жастар денсаулық орталықтары «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы», аудандық әкімшілік, полиция, адами әлеуетті дамыту, ішкі саясат, жастар ресурстық орталықтарымен меморандум жасасып, бірлесе жұмыс атқаруда. Жастар ресурстық орталықтарымен бірге 10-18 жасар қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша семинар-тренингтер өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *