Балалар еркін тақырыпта сурет салды

1 — маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түлкібас аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға мектеп жанындағы жазғы лагерьде уақыттарын тиімді өткізіп жүрген Абай атындағы мектеп-лицейіміздің оқушылары қатысты.

Мерекелік іс шараға қатысқан Түлкібас ауданының әкімі Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы сөз сөйлеп, балаларды мерекемен балаларды құттықтады. Мерекелік бағдарлама аясында аудандық кітапхана көрмесі, ұлттық асық ату, арқан тартыс ойындары мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Бақытты балалық шақ» еркін тақырыпта сурет салу байқауы өтті. Өнерпаз өрендер ән салып, би билеп, мерекенің сәнін кіргізді.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері ( 7-еуі мемлекеттік, 15-і жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен 3421 оқушы тегін жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамтылады.

Сонымен қатар, өңірде мектеп жанындағы бір мезгіл тамақпен қамтитын 350 лагерь (105 987 оқушы қамтылады) және 648 ойын алаңшасы (214 654 оқушы қамтылады) балалар үшін қызмет көрсетеді. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында жаз мезгілінде 108 мың оқушы көркейту, көгалдандыру жұмыстарына тартылып, құрылыс бригадалары мен мектеп орманшылығының жұмысына көмекші ретінде қатысады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 446 педагог қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 колледж студенті дуальдық білім беру аясында жұмысқа тартылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *