Оңалту орталығының бүлдіршіндері мерекені атап өтті

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 1-маусым Балаларды қорғау күні мерекесін Түлкібас аудандық Балаларды оңалту орталығының ұжымы жоғары дәрежеде атап өтті. Айта кетейік, ұйымшылдығы мен ынтымағы жарасқан ұжымды Толқын Тұрсынқұлова басқарады. Ерекше балалармен жұмыс жасау, тіл табысу, білім беру сонымен қатар танымын кеңету үлкен шыдамдылықты һәм жауапкершілікті талап етеді. Осындай жүкті арқалап, жауапкершілікті сезініп жүрген ұстаздар қауымы мереке қарсаңында балаларын жоғары біліктілікпен өнер мен ізденімпазыдылыққа дайындағаны көрініп тұрды. Арнайы көрме, ата-аналар тарапынан дайындалған жеміс-жидек фуршеттері, анимациялық кейіпкерлер мен әдемі әрі сәнді киінген орталық бүлдіршіндері мерекелік кештің келбетін айшықтап тұрғандай. Балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіруге аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы, аудандық мәслихаттың кеңесшісі Тұрлыбек Бердиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ақсұлу Күзембаева арнайы келді.

— Бүлдіршіндер сендер елдің ертеңі, болашағы болатын өренсіңдер. Дендерің сау болып, алған білімдеріңі алдағы уақытта іске асырып, елдің мерейін өсіресіңдер деп сенемін. Ұстаздардың айтқанын қаперлеріңізде ұстап, мықты азамат пен азаматша болуға тырысыңыздар. Сіздерді қашанда қолдауға дайынбыз. Ұстаздар қауымына да ерекше алғысымды білдіремін. Амандықта болыңыздар,- деп аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов мерекелік кештің алғашқы құттықтауын жеткізді.

Әрмен қарай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашты. Орталық бүлдіршіндері керемет көңіл күймен келісті би билеп, келген көрерменге қуаныш сыйлады. Балалар сыйлық алып, ата-аналар балапандарының өнерін тамашалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *