Ең жас дауыс берушіге сыйлық табыс етілді
Атом электр станциясының құрылысына қатысты өткізілген саяси науқанға Сайрам ауданының тұрғындары белсенді түрде қатысты. Аудан аумағындағы 89 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00 ден бастап заңдылықтарға сәйкес, өз жұмысын бастады. Саяси науқан аясында азаматтар еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасады.
Жалпы бұл күні аудан аумағында 137 776 азамат атом электр станциясының құрылысына қатысты өз таңдауын жасауға қатысады деп күтілді. Референдум өткізу туралы ережеде көзделгендей, республикалық референдумға жасы 18-ге толған азаматтар қатысты. Саяси науқандағы бюллетенде тұрғындар «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» сұраққа өз жауаптарын белгіледі.
Егемен еліміздің ертеңі үшін саяси науқаннан шет қалмай келіп, өз дауысын беруге алғашқылардың бірі болып келген қариялар комиссия мүшелерінің жұмысына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Сонымен қатар, алғашқы болып дауыс берген азаматтарға және ең жас дауыс берушіге сыйлық табыс етілді.