Тұрғындарға тасымалдау қызметі тегін жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында атом электр станциясының құрылысына қатысты ағымдағы жылдың 6 қазанында елімізде республикалық референдум өткізілетінін мәлімдеген болатын. Бұл күні Сайрам ауданы тұрғындарының саяси науқанға қатысу белсендігі жоғары болды. Өңірдегі референдум учаскелері таңғы сағат 7.00 ден бастап өз жұмысына кірісті.

Солардың ішінде Ақбұлақ ауылындағы референдум учаскелерінен шалғайда тұратын тұрғындарға демеушілер есебінен тегін тасымалдау қызметі көрсетіліп, дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасалды.

Айта кетейік, Ақбұлақ ауылында 2 референдум учаскесі жұмыс істеді.  Учаскелер интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал жабдықтармен толық қамтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *