86 жастағы ақсукенттік қос қария саяси науқанға үн қосты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізу қоғамда бір жылдан бері талқыланып келе жатқанын айтып, бұл азаматтардың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім екенін атап өтті.

«Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады» деп Президент ағымдағы жылдың 6 қазанында елімізде республикалық референдум өтетінін мәлімдеді.

Бұл күні сайрамдықтардың саяси науқанға қатысу деңгейі жоғары болды. Соның ішінде Ақсукент ауылдық округінде республикалық референдумды өткізу мақсатында 19 дауыс беру учаскесі құрылған болатын. Олардың барлығында дауыс берушілерге толықтай жағдай жасалды. Тіпті, саяси науқан барысында 86 жастан асқан Джабпаркулов Саттарқұл атамыз бен Балтабаева Ирсай әжеміз №531 дауыс беру учаскесіне балаларының көмегімен келіп, еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Қариялар референдум учаскесіндегі комиссия мүшелерінің жұмысына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Осылайша, олар жастарға өздерінің үлгі-өнегелерін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *