Ана мен баланы қорғау мәселелері қаралды

Жақында Сауран аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып беріп, отбасылық құндылықтарды насихаттау, елдің келешегі — балалардың аман, салауатты, білімді болып өсуі мақсатында жасалынып жатқан жағдайларды баяндады.

Жиынға адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Кожабекова және комиссия мүшелері қатысты. Аталмыш комиссия отбасылық жанжалдар, ана мен баланы қорғау, демографиялық мәселелерді қарап, талқыға салды.

Жиын барысында аудандық жұмысшы топ тарапынан қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтарға осы бағыттағы жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Одан кейін жұмысшы топ құрамы Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру»  орталығы мен «Қамқорлық» орталығының жұмыстарымен танысып, өзекті мәселелерді талқылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *