Түркістан облысында әйелдер жұмыссыздығын азайту бағытында жұмыс күшейе түсті
Гендерлік саясат, әйелдердің қоғамдағы орны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұдайы назарында. Қазіргі қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі қандай? Қазіргі қоғамда әйелдің рөлі өте маңызды. Ел болып даму үшін нәзік жандылардың қоғамдағы белсенділігін арттырғанымыз дұрыс. Өнеркәсіп, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, басшылық саласына әйелдерді көбірек тарту керек. Себебі: әйелдер өзіндік психологиясымен қоғамның кез келген саласына тың идеялар ұсынып, қоғамның дамуына үлкен үлес қосады. Сонау отбасынан басталатын құндылықтан бері қарай жалғасатын мемлекет мүддесінде де орны алабөтен. Біздің ел бұл орайда жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Гендерлік саясат аясында қыз-келіншектер қоғамға орасан зор үлес қосуда. Сол арқылы елдің ұйытқысына айналды. Әйелдің қоғамдағы алар орны қашан да маңызды. Бұл тұрғыда Түркістан облысы әкімі жанындағы бала құқықтары, әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы жиі өткізіліп тұрады.
Бүгінде қоғамда әйелдер істері, сонымен қатар отбасылық мәселелер қызу талқылануда. Түркістан өңірінде әйелдер қауымы барлық салада жемісті еңбектер етіп жатыр. Облыс көлемінде 200 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуығын шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтары құрайды.
Жалпы бұл бағыттағы комиссия жұмыстары облыста жоспарға сай жүргізілуде. Соның бірі – Кентау қаласы. Қалада осы бағытта жұмыстар жүйелі атқарылып келеді.Мәселен, биылғы жылы Кентау қаласы әкімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, жыл басынан бері 3 комиссия отырысы өткізіліп, жалпы 3 мәселе қаралды. Атап айтсақ, қала әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жаңа редакциядағы жұмыс жоспарын бекіту, Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау туралы және ана мен бала өлімінің проблемалары, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық фактілері туралы, Қала көлемінде әйелдер жұмыссыздығын азайту жөніндегі шаралар туралы, Әйелдерді жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау туралы. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың проблемалық мәселелері, Ауыл әйелдерінің өмір сүру сапасын, білім деңгейін арттыруға, репродуктивті денсаулықты жақсартуға, сондай-ақ экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу туралы, дағдарыс және Отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы, ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігі және Халықтың ұрпақты болу денсаулығын қорғау туралы мәселелер бар. Отырыста бірнеше мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Жиын барысында құзырлы мекемелер мен тиісті өкілдер баяндама жасады.
Кентау қаласында әйелдер жұмыссыздығын азайту және осы бағыттағы жоспарланған шаралар талқыланды. Сонымен қатар құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық фактілері туралы деректер келтіріп, әйелдердің репродукті денсаулығын қорғау, соның ішінде ана мен бала өлімінің проблемалары да қозғалды. Одан бөлек 8-наурыз халықпаралық әйелдер күніне орай қалалық білім бөлімінің әдіскері Халима Құтжанқызы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар Кентау қаласының әлеуметтік экономикалық дамуына үлесін қосып жүрген 8 азаматша облыс әкімінің іс-шарасына қатысты.
Кентау қаласы бойынша «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімінде» 2024 жылдың 3 тоқсанында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 4 бағыт бойынша 143 адамға 230 қызмет көрсетілді. Оның ішінде, Психологиялық кеңестер – 146, құқықтық кеңестер – 70, әлеуметтік қызметтер – 10, медициналық қызметтер 4.
«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, полиция және қоғамдық бірлестіктермен «Ана-Өмір» және «Отбасылық зорық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбы бойынша 2 «Ашық есік» күні және 3 «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
«Тұрмыстық-зорлық зомбылықтың» алдын алу мақсатында «Зорлық — зомбылыққа жол жоқ», «Ойынқұмарлық-Лудомания», «Ерте жүктілік» атты тақырыптарында қала мекемелерінде, жалпы орта мектептерде колледждерде, балабақшаларда, банктерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 36 семинар-тренингтер өткізілді. Оған 1600 адам қатысты.
«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-і мамандарымен және Кентау қалалық полиция бөлімінің мамандарымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» мақсатында халық көп шоғырланатын орындарда (базарлар, автобекет және сауда орындарында) тоқсан сайын түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылады.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 35 адамға әлеуметтік психологиялық кеңестер берілді. Бас бостандығыннан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға (5АЕҚ 18 460 тнг Кентау қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес) мөлшерінде 65 адамға 1 199 900 қаржы төленді.
Жалпы бүгінгі таңда облыс көлемінде әйелдер жұмыссыздығын азайту мәселесі бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Биылғы жылдың «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» жүзеге асыруға 98,1 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. Атап айтқанда, нақты 69 404 адам жұмыспен қамтуға жолданды. Олардың арасында әйелдер әйелдер 37 109 адам немесе 53,5% құрайды. Тұрақты жұмыс орындарына 13 336 (48,9%), субсидияланатын жұмыс орындарына 16 808 (55,6%) әйелдер жұмысқа жолданды. Соның ішінде, 8 374 әйедер қоғамдық жұмыстарға (54,7%); 4 197 әйелдер «Жастар практикасы» жобасына (69,3%); 889 әйелдер «Алғашқы жұмыс орны» жобасына (51,1%); 2 131 әйелдер әлеуметтік жұмыс орындарына (45,6%), 1 217 әйелдер «Күміс жас» жобасына (49,9%) қатысқанын атап өткен ләзім.
Сонымен қатар, «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлікті игеруге ниеттенген әйелдердің қатары күн санап артып келеді. Мәселен кәсіпкерлік бағытта оқуға 3 721 әйелдер жолданған. Бұл тұрғыда грант 1 085 әйелдерге берілді (61,0%). Сондай-ақ, enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 2 159 әйелдер онлайн оқытуға жолданып, оның 2 060-ы сертификат алды.
Статистикалық мәліметке сәйкес 2024 жылдың II тоқсанының қорытындысымен әйелдер жұмыссыздығы 5,0% құрады.