Саурандық ерекше балалар қуанышқа бөленді

Бүгін Сауран ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Рухты, жігерлі жандар» атты мерекелік кеш өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Бөкебаев қатысып, балаларға игі тілегін жеткізді. Жиын барысында саурандық 60 ерекше балаға демеушілер тарапынан сый-сияпат табысталды. Сондай-ақ, шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, ерекше жандарға арналған шара олардың құқықтарын қорғау және қоғамға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған. Әрбір өркениетті мемлекет үшін оның барлық азаматтарының тең мүмкіндіктері, құқықтары мен бостандықтарының болуы өте маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *