Гүлзат бірнеше ауылды нанмен қамтамасыз етіп отыр

Төлеби ауданына қарасты Леңгір қаласы мен ауылдық округтерде кәсіп ашып, нәсібін көріп отырғандар қатары толығып келеді. Қайтарымсыз грант алып кәсібін жүргізіп жатқан Жаңажол ауылының тұрғыны Раимбекова Гүлзат Беласарқызы өткен жылдың 3 легінде 1 380 000 теңгенің грантын ұтып алып, қаржыға арнайы құрал-жабдықтар мен тандыр сатып алған болатын. Мемлекеттің қолдауымен Гүлзат «НУБАЙХАНА» кәсібін ашқан. Кәсібін бастамас бұрын нарықты зерттеп, қазіргі таңда бірнеше ауылды нанмен қамтамасыз етуде. Кәсіптің көзін тапқан кейіпкеріміз наубайхана ісінің қыр-сырын жетік меңгеріп алған. Кейіпкеріміздің айтуынша, қазір ол күніне 300-400 дана нан жабады және жеткізу қызметі де бар екен.

Жалпы биыл облыста еліміздегі еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған болатын. Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде бірінші лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірді. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал, қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған.

Комиссия отырысында бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне өкілдер тарапынан баса назар аударылды. Комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 271-і өндіріс саласына, 227-сі ауыл шаруашылығы саласына, 298-і қызмет көрсету саласына, 91-і тамақ өндірісі саласына, 10-ы құрылыс заттарын өндіруге бағытталған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *