Төлеби ауданында 2 «Жайлы мектеп» салынуда

Төлеби ауданында былтыр білім беру бағытындағы 4 нысанның құрылысын жүргізуге 2 млрд 374 млн теңге қаржы қарастырылды. Ленгер қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылысына 590 млн теңге, Ленгер қаласындағы №6 200 орындық мектеп құрылысын аяқтауға 38 млн теңге, Зертас елді мекеніндегі Шомшақты орта мектебіне 150 орындық оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт зал және әкімшілік бөлмелерінің құрылысына 802 млн теңге. Бірінші Мамыр ауылдық округі, Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысына 944 млн теңге қаржы бөлінді.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында Достық, Көксәйек елді мекендерінде 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде 2023 жылдан өтпелі Қостөбе елді мекенінің орта мектебін күрделі жөндеу, аудандық балалар музыкалық мектебіне қосымша ғимарат құрылыстарын аяқтау үшін 501 млн теңге қарастырылды. Жоба құны 812 млн. теңге болатын 150 орындық Ынтымақ орта мектебін бастауға 10 млн теңге қарастырылды.

Жалпы Түркістан облысы – еліміздің демографиялық өсімі жоғары өңірлерінің бірі. Осыған байланысты елді мекендерді балабақшалармен және мектептермен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті мәселе болып саналады. Айта кетейік, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары облыста 63 мектеп салынады. Қазіргі уақытта 29 мектептің құрылысы басталды. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 9 мектеп салынуда.

Ал, бүгінгі күні құрылысы аяқталған 1600 орынды 7 мектеп пайдалануға берілсе, жеке инвестициялар есебінен 17 мектеп салынды. Мемлекеттік мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту мәселелері де толығымен шешілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *